"Астана" жекеменшікке өтуге жақын

"Астана" жекеменшікке өтуге жақын
Фото: "Астана" ФК

Елордалық «Астана» клубын ірі компания сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.

Дереккөздің мәліметінше, «ВД Строй-Инжиниринг» құрылыс холдингі елдегі ең атақты клубтардың бірін жекешелендіруге дайын.

2004 жылы құрылған компания Қазақстанда Қызылордада 11 000 орындық стадион салумен, сондай-ақ Астана мен Түркістандағы ипподромдарды тұрғызумен танымал. Сонымен қатар, дәл осы компанияға «Медеу» биік таулы спорт кешенін күрделі жөндеуден өткізу сеніп тапсырылған. Бұдан бөлек, Алматыда жаңа футбол аренасының құрылысын да осы компания жүргізеді.

2025 жылдың желтоқсан айынан бері «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС байқау кеңесін Еркин Окасов басқарады. Ол сонымен қатар Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін атқарады.

Қазіргі таңда әлеуетті сатып алушы футбол клубына аудиттік тексеріс жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасының бес турынан кейін «Астана» 8 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1