Қазақстанның қазіргі коэффициенті – 12.375. Рейтингте елімізден жоғары Финляндия (13.625) мен Латвия (13.875) орналасса, төменгі сатыларда Лихтенштейн (11.000) және Молдова (10.250) тұр.
УЕФА коэффициенті ел клубтарының ағымдағы маусымдағы нәтижелері мен алдыңғы төрт маусымдағы көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша есептеледі. Ағымдағы маусымда жиналған ұпайлар еурокубоктарға қатысқан клубтар санына бөлінеді.
Қазақстаннан биыл еурокубоктардың іріктеу кезеңдеріне бірнеше клуб қатысқанымен, жалпы кезеңге тек алматылық «Қайрат» өте алды. Команда Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Қалған қазақстандық клубтар еурокубоктағы жорығын аяқтады.
УЕФА рейтингінің алғашқы үштігінде Англия көш бастап тұр – 102.019 ұпай. Одан кейін Италия – 87.874 және Испания – 82.493 көрсеткіштерімен орналасқан.
Қазақстан үшін рейтингтегі әрбір ұпай маңызды. Себебі елдің УЕФА коэффициентіндегі орны алдағы маусымдарда қазақстандық клубтардың еурокубоктарды қай кезеңнен бастайтынына және қанша команда қатысатынына әсер етеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.