Іріктеу раундтарының қорытындысы бойынша жалпы кезеңде бақ сынайтын барлық 36 клубтың құрамы анықталды. 28 тамызда өтетін жеребе алдында командалар алты себетке бөлінді. Қазақстандық клуб төртінші себетке орналасты:
1-себет: «Аталанта» (Италия), «Брага» (Португалия), «Аякс» (Нидерланды), «Фрайбург» (Германия), «Монако» (Франция), «Копенгаген» (Дания).
2-себет: «Мидтьюлланн» (Дания), «Црвена Звезда» (Сербия), «Гент» (Бельгия), «Панатинаикос» (Греция), «Пафос» (Кипр), «Брайтон» (Англия).
3-себет: «Лугано» (Швейцария), «Хетафе» (Испания), «Твенте» (Нидерланды), КуПС (Финляндия), «Борац» (Босния және Герцеговина), «Сент-Труйден» (Бельгия).
4-себет: «Қайрат» (Қазақстан), «Линкольн» (Гибралтар), «Бранн» (Норвегия), «Хартс» (Шотландия), «Трабзонспор» (Түркия), «Университатя» (Румыния).
5-себет: «Рига» (Латвия), «Хайдук» (Хорватия), «Яблонец» (Чехия), «Нордшеллан» (Дания), «Интер Клуб Эскальдес» (Андорра), «Орхус» (Дания).
6-себет: «Тун» (Швейцария), ЦСКА (Болгария), «Жальгирис» (Литва), «Мьельбю» (Дания), «Иберия 1999» (Грузия), «Эгнатия» (Албания).
Алматылықтар еурокубоктық жолын Чемпиондар лигасының іріктеуінен бастап, Черногорияның «Сутьеска» және Кипрдің «Омония» ұжымдарын жеңді, бірақ Болгарияның «Левски» клубына жол берді. Еуропа лигасының плей-офф раундында Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері бельгиялық «Андерлехтке» есе жіберіп, Конференциялар лигасына ауысты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.