"Каспийдің" жаңа бас бапкері белгілі болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
25.08.26, 06:00
Ақтаулық "Каспий" футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды.
"Каспийдің" жаңа бас бапкері белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Команданы Руслан Эсатов басқаратын болды. Еске салсақ, Эсатов бұған дейін де ақтаулық клубта жұмыс істеген. Өткен маусымда оның жетекшілігімен "Каспий" Бірінші лиганың чемпионы атанып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған.

Клуб маманның командаға қайта қосылғанын ресми түрде жариялап, сәттілік тіледі.

"Қош келдіңіз, Руслан Сайцалиевич! Қайтадан бірге жаңа мақсаттарға!"

Жаттықтырушылар штабы жаңарды

Бас бапкердің тағайындалуымен қатар "Каспийдің" жаттықтырушылар құрамына да өзгерістер енгізілді. Асхат Құсайынов бас бапкердің көмекшісі қызметіне тағайындалса, Ерлан Махамбедиев команданың аналитикалық жұмысына жауап береді.

Жақында ақтаулық команда Ерлан Шойтымовтың қызметінен кеткенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда "Каспий" ҚПЛ турнирлік кестесінде 23 ұпаймен 10-орында орналасуда.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

25.08.26, 06:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17