Футболшы Самараның "Крылья Советов" клубы сапындағы алғашқы ресми кездесуін Тольяттидің "Акрон" командасына қарсы өткізді. Матчта самаралықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесуден кейін қазақстандық футболшы Volga.news басылымына берген сұхбатында Ресей чемпионатындағы алғашқы әсерімен бөлісті.
"Мұнда жылдамдық басқа, күрес деңгейі де жоғары. Бейімделу үшін біраз уақыт керек", – деді Чесноков.
Қазақстанмен салыстырғанда, футболшы РПЛ-де шешім қабылдау жылдамдығы мен жекпе-жектер деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Ал Шотландия чемпионатымен салыстырғанда, онда күрес көбірек болғанымен, Ресейде футболдың өзі басым екенін айтты.
Чесноков өзінің алғашқы матчын жоғары бағаламағанымен, команда жеңісінің маңызды екенін атап өтті.
"Жақсырақ ойнауға болатын еді. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – команданың жеңісі. Сондықтан жеңіске қуаныштымын", – деді футболшы.
Қазақстандық ойыншының айтуынша, ол "Крылья Советов" сапына қосылғанына жақында қосылғандықтан, әзірге алдағы қарсыластарды емес, әр матчты жеке қарастырып отыр. Самаралық клуб келесі қарсыласы "Ахматпен" 29 тамызда Грозныйда кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.