ҚПЛ клубы жаңа басшы тапты

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.08.26, 11:00
Дәурен Сәрсеновтың командаға жақын арада таныстырылатыны хабарланды.
ҚПЛ клубы жаңа басшы тапты
Сурет: ашық дереккөздерден

Ақтаулық "Каспий" футбол клубы жақын арада жаңа директорын таныстыруы мүмкін. Клуб басшылығына Дәурен Сәрсенов келмек. Бұл туралы AmanVIBE хабарлады.

Дегенмен әзірге клуб жаңа директордың тағайындалғанын ресми түрде жариялаған жоқ.

Еске салсақ, осы аптада клуб директоры қызметінен бұрынғы футболшы Нұртас Кургулин кеткен. Қазақстан Премьер-лигасының 22 турынан кейін "Каспий" турнир кестесінде 10-орында келеді.

Ақтаулық команда осы аралықта 23 ұпай жинаған.

Бұған дейін "Каспийдің" бас бапкері Ерлан Шойтымовтың да қызметінен кететіні хабарланған еді. Маман павлодарлық "Ертістің" жаңа бас бапкері болуға шешім қабылдаған. Осылайша ақтаулық клубта қысқа уақыт ішінде әрі басшылық, әрі бапкерлік құрамда өзгерістер болуы мүмкін.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

23.08.26, 11:00

Оқылып жатыр

Қазақстан футболы
23.08.26, 13:03
Дастан Сәтпаев Чемпионшипте дебют жасады
Қазақстан футболы
23.08.26, 11:00
ҚПЛ клубы жаңа басшы тапты

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17