«Андерлехт» ойыншысы «Қайратпен» матчтан кейін мәлімдеме жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.08.26, 15:48
Бельгиялық «Андерлехт» шабуылшысы Лукаш Амброс Sports24.kz порталына эксклюзивті сұхбат беріп, УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында алматылық «Қайратқа» қонақта ірі есеппен жеңіске жетуін түсіндірді.
«Андерлехт» ойыншысы «Қайратпен» матчтан кейін мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Жеңістің басты себебі неде? Мен білмеймін. Біз тамаша ойнадық, өте жақсы дайындалдық, барлығымыз 100% күшімізді салдық және өте ұйымшыл команда болдық деп ойлаймын. Біз бір команда ретінде әрекет еттік, сол үшін марапатқа ие болдық. Бірақ, меніңше, бұл оңай матч болған жоқ. Әрине, бізде артықшылық болды, допты көбірек иемдендік, бірақ мұндай ойындар әрдайым қиын болады, сондықтан соңына дейін ойнап, барымызды салуымыз қажет», – деп пікір білдірді Лукаш Амброс.

Чехиялық шабуылшы Қазақстанда алғаш рет болғанын айтты, бірақ басқа уақыт белдеуі мен климатқа бейімделу еш қиындықсыз өткенін жеткізді.

«Иә, мен мұнда алғаш рет келдім. Мұнда жету ұзаққа созылды, бірақ клуб бәрін керемет ұйымдастырды – бізде мінсіз жағдайлар болды және өте жақсы дайындалдық. Дегенмен, Қазақстанда көп нәрсе көруге үлгермедік. Біз керемет қонақүйді және сондай әдемі стадионды ғана көрдік. Айтарым осы», – деді Амброс.

Еске салайық, УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында Алматыдағы өз алаңында «Қайрат» «Андерлехтке» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. «Андерлехт» сапындағы голдардың бірін Лукаc Амброс алыстан дәл соққымен Анарбектовты қапы қалдырып, есеп ашты.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

21.08.26, 15:48

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17