Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Қайрат» өз алаңында «Андерлехттен» ойсырай жеңілді

«Қайрат» Алматыдағы өз алаңында өткен УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчында бельгиялық «Андерлехттен» ойсырай жеңілді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Қайрат» өз алаңында «Андерлехттен» ойсырай жеңілді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бельгиялық қонақтар алғашқы таймда-ақ үш доп айырмасымен алға шығып, қарсыластық тағдырын 45 минутта-ақ шешіп тастады.

Ойынның 2-минутында Оксанен өз қақпасына гол соғып, автоголмен есеп ашылды. 24-минутта Амброс бельгиялықтардың басымдығын еселей түсті.

Алаң иелерінің мәселесі мұнымен бітпеді. 40-минутта Широбоков дөрекі фол үшін тікелей қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды. Ал Сикан алғашқы тайм соңында есепті ірі етіп, алматылықтарды тіпті тұқыртты.

Екінші тайм, негізінен, формалдылыққа айналды. Осылайша, бельгиялықтар айқын басымдықпен 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жауаптық матч Бельгияда 27 тамыз күні, Қазақстан уақытымен 23:30-да өтеді. Бірінші ойындағы осындай нәтижеден кейін, «Қайраттың» күзде Конференциялар лигасында өнер көрсету ықтималдығы өте жоғары.

УЕФА Еуропа лигасы

Плей-офф кезеңі, 1-матч

«Қайрат» – «Андерлехт» 0:3

Голдар: Оксанен, 2, автогол; Амброс, 24; Сикан, 45

Қызыл қағаз: Широбоков, 40

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.