Мәулен – Уразбахтин туралы: ойыншыларды дұрыс алмастыра алмайды, дубльді жаттықтыратын бапкер

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.08.26, 07:00
Белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің жұмысын сынға алды.
Мәулен – Уразбахтин туралы: ойыншыларды дұрыс алмастыра алмайды, дубльді жаттықтыратын бапкер
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ешқандай тәжірибесі жоқ, соңғы 17 жыл бойы Чемпиондар лигасында ойнамаған, бірге-бірді жалғау арқылы ақша тауып, зорға дегенде турнирге қатысып отырған Болгарияның қарапайым клубы – «Левскиді» ұтып тастауға болар еді. Алғашқы матчта 0:0 ойнап, өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, ұшыратын жері ғой.

Қорғанысының түрі анау, не шабуылшы шығармайды. Не масқара бұл? Қайрат Боранбаев Уразбахтин деген бас бапкерді неге ауыстырмайды? Ол дубльдің бас бапкері болатын адам ғой негізі. Мен өткен жылы айтқанмын, қазір де айтамын: «Уразбахтин әлі күнге дейін ойыншыларды дұрыс ауыстыра алмайды». «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы алғашқы матчтың 97-минутында үш мүмкіндігі бола тұра, сары қағазы бар Дастан Сәтпаевты неге ауыстырмады. Он адаммен ойнап жатқан «Пафосқа» қарсы матчта Рикардиньоны 92-минутта қай бетімен шығарды?

Ірі денелі, бразилиялық Эдмилсон деген шабуылшың бар. Түркістандағы кешегі кездесуде таза бразилиялық ойын болып жатыр. «Левскиде» Сержиньо, Эвертон Бала секілді футболшылар жүр. Ал сен Эдмилсонды қосалқы құрамға қойып, шабуылшысыз ойнап жатырсың. Сырт алаңда тең ойнап келсең, түсінер едім. Ұтылып келдің, өз алаңыңда да жеңіліп жатырсың, ал Эдмилсон қосалқы құрамда отыр.

Чемпиондар лигасының иісін сезіп көрмеген Мансұр Бірқұрмановты неге шығарады? «Өзінің амбициясын клубқа қарағанда жоғары қояды» деп 18 жастағы Азамат Тұяқбаевпен ерегісіп отыр. Ол кішкентай бала ғой әлі, алдап ойнату керек қой», – деді Мәулен FonTEAM арнасындағы подкастта.

«Қайрат» екі матчтың қорытындысы бойынша болгариялық клубтан 0:2 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады. Енді Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Андерлехтпен» (Бельгия) күш сынасады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.08.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
49
2
Қайрат
45
3
Астана
38
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
32
6
Елімай
31
7
Ұлытау
28
8
Қызылжар
23
9
Жеңіс
23
10
Каспий Ақтау
22
11
Тобыл
22
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
17