«Қайраттың» көшбасшысы «Андерлехтке» қарсы ойында алаңға шықпауы мүмкін
Алматылық «Қайрат» қорғаушысы Александр Мартынович Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі бельгиялық «Андерлехтке» қарсы матчтарға қатыспауы мүмкін.
Алматылық клубтың капитаны бельгиялық «Андерлехтке» қарсы Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кездесулерін өткізіп алуы мүмкін. Дереккөз мәліметінше, беларусьтік қорғаушы өкпесін қабындырып (пневмония) алған:
«Саша ауырып қалды – үш күн бойы дене қызуы түспей қойды. Сондықтан емделу үшін Алматыда қалды», – деп түсіндірді Рафаэль Уразбахтин «Левскиге» қарсы соңғы ойынның (0:1) өтінімінде футболшының неге жоқ болғанын.
Еске сала кетейік, «Андерлехтке» қарсы алғашқы матч 20 тамызда Қазақстанда өтеді. Қарымта кездесу – бір аптадан кейін Бельгияда.
38 жастағы ойыншы ағымдағы маусымда 22 матчқа қатысып, екі гол соқты. Футболшының трансферлік құны 225 мың еуроға бағаланады.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ