"Монако" "Барселона" шабуылшысын сатып алуды көздеуде

"Монако" "Барселона" шабуылшысын сатып алуды көздеуде
Ансу Фати

"Монако" Ансу Фатидің келісімшартын толық сатып алу опциясын пайдалануды жоспарлап отыр.

Бұл туралы L’Équipe басылымы хабарлайды. Мәміле сомасы – 11 млн еуро.

Футболшы өткен маусымда жалға беру шартымен "Барселона" клубынан «Монакоға» қосылған. Дереккөз мәліметінше, 23 жастағы ойыншы жаңа командасына сәтті бейімделіп, Монакода мансабын жалғастыруға ниет білдірген.

Қазіргі маусымда «Монако» Фатидің жалақысының тек жартысын ғана төлеп отыр, ол шамамен айына 250 мың еуроға тең. Салыстырмалы түрде алғанда, клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы – жартылай қорғаушы Денис Закария, оның айлығы 330 мың еуро.

Осы маусымда Ансу Фати барлық турнирлерде 25 матчқа қатысып, 9 гол соққан.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1