Sky Sports News мәліметінше, 36 жастағы бразилиялық шабуылшы құрамына кіретін инвесторлар консорциумы ағылшындық «Нортгемптон Таун» клубының бақылау пакетін сатып алу бойынша түпкілікті келісімге жақындап қалды.
Келіссөздер қызу жүріп жатыр, тараптар жақын уақытта барлық заңдық мәселелерді шешуге ниетті. Болашақ жаңа инвесторлар клубтың даму стратегиясын әзірлеп, команда инфрақұрылымына қаржы құюды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Пато өзінің кәсіби мансабында «Милан», «Челси», «Вильярреал», «Сан-Паулу» және «Орландо Сити» клубтарында ойнаған, сондай-ақ Бразилия құрамасының сапында 27 матч өткізіп, 10 гол соққан.
Өткен маусымда «Нортгемптон» Англияның Бірінші лигасында өнер көрсетіп, қиын маусымнан кейін кестеде соңғы орынға тұрақтап, биыл Лига 2-де бақ сынайтын болады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.