«Дәл қашан болғаны есімде жоқ – 2025 жылғы оқу-жаттығу жиынында сияқты еді. Сонда алғаш рет «Хартстың» қызығушылық танытып жатқанын естідім, ол кезде оларда басқа бас бапкер болатын. Қызығушылық өте үлкен болды, бірақ «Хартс» пен «Тобыл» ол кезде келісе алмады.
Кейін келіссөздер қайта жанданды. Олар мені шынымен де ұзақ күтті. Дәл сол кезде клубқа жаңа бас бапкер Дерек Макиннес келді. Бірдеңе өзгерер деп ойлап едім, бірақ ештеңе өзгерген жоқ: ол да мені командада көргісі келді, басшылық та қалады. Нәтижесінде мен «Тобылмен» келісімшарттың аяқталуын күтіп, «Хартсқа» барып, бағымды сынап көруді ұйғардым.
Келіссөздерге өзім іс жүзінде қатысқан жоқпын – бас бапкермен телефон арқылы бір-екі рет қана сөйлестім. Барлық шаруамен агентім айналысты», – деді Чесноков.
26 жастағы вингер «Хартсқа» 2026 жылдың қаңтарында ауысқан болатын. Шотландияда өнер көрсеткен уақытында қазақстандық футболшы барлық турнирде 11 матчқа қатысып, бір гол соқты және эдинбургтік клубпен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
2026 жылдың жазында Чесноков қостанайлық «Тобылға» қайта оралды. «Сары-жасылдар» сапына қайта оралғаннан кейін жартылай қорғаушы барлық турнирде сегіз кездесу өткізіп, екі нәтижелі пас берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.