Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қазақстандық шабуылшы еуропалық клуб сапында тағы да көзге түсті

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.08.26, 09:00
Испаниялық «Атлетико Леванте» клубының 18 жастағы қапталдағы шабуылшысы Алдияр Нұрғали «Теруэль» клубына қарсы бақылау матчында соққан голымен көзге түсті.
Қазақстандық шабуылшы еуропалық клуб сапында тағы да көзге түсті
Сурет: ашық дереккөздерден

Испанияның үшінші дивизионының өкіліне қарсы кездесудің 20-минутында Нұрғали шабуылдың сол жақ қапталында пас алып, оң аяғымен дәл соққы жасап, допты қақпаның сол жақ төменгі бұрышына тулатты.

Дегенмен, қазақстандық футболшының бұл голы «Атлетико Левантені» (клуб құрылымындағы U-23 форматындағы жастар командасы) жеңілістен құтқара алмады – кездесу 1:2 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Нұрғалидың өз айтуынша, бұған дейін испандық клуб басшылығы жастар командасында тұрақты әрі нәтижелі ойын көрсете берсе, қазақстандық вингерді «Левантенің» ересектер құрамымен бірге жаттығуға тартуға уәде берген.

 Өткен маусымда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы «Леванте» U-19 командасы сапында сәтті өнер көрсетіп, өз еншісіне сегіз гол жазған болатын.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)