«Сәтпаев, Палмер, Жоао Педро»: Алонсо қазақстандықты «Челси» жұлдыздарымен бір қатарға қойды

Автор
Fonteam редактор
Автор
03.08.26, 04:06
Лондондық «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо Сиднейде өткен баспасөз мәслихатында 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты бөле-жара атап, оны «көктердің» шабуыл шебіндегі басты ойыншыларының тізіміне қосты.
«Сәтпаев, Палмер, Жоао Педро»: Алонсо қазақстандықты «Челси» жұлдыздарымен бір қатарға қойды
Дастан Сәтпаев. Фото: "Челси" ФК

«Тәртіп еркіндік сыйлайды»

Журналистердің Коул Палмерге берілетін тактикалық еркіндік пен шабуылды ұйымдастыру туралы сұрағына жауап берген испандық маман командадағы әрбір шабуылшы ұжымдық тәртіпке бағынуы тиіс екенін атап өтті:

«Тәртіп еркіндік сыйлайды. Нақты тапсырмалар мен міндеттер болғанда ғана алаңда шеберлігіңді көрсетіп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, алаңдағы әрбір ойыншы мүлтіксіз орындауы тиіс негізгі қағидалар бар.

Ойыншылар мұны түсінеді деп сенемін – қазіргі футболдың талабы осындай. Коул (Палмер), Жоао (Педро), Морган (Роджерс), Джейми (Гиттенс), Дастан (Сәтпаев) – біздің шабуылдағы барлық ойыншымыз осы идеяны бойына сіңіруі керек», – деді Алонсо.

Дебют және алғашқы гол: 28 шілдеде Сәтпаев австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде (6:4) негізгі құрамда алаңға шығып, 6-минутта-ақ «көктер» сапындағы алғашқы голын соқты.

Екінші матч: Сиднейде өткен «Тоттенхэмге» қарсы ойында (1:2) шабуылшы 70-минутта «Челси» сапындағы жалғыз голдың авторы Эстеваоны алмастырды.

Келесі матч: Маусымашар турне аясындағы соңғы кездесуін Хаби Алонсоның шәкірттері 5 тамыз күні Гонконгта туриннің «Ювентусіне» қарсы өткізеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

03.08.26, 04:06

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
46
2
Қайрат
45
3
Астана
35
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
31
6
Елімай
28
7
Ұлытау
27
8
Жеңіс
23
9
Қызылжар
22
10
Тобыл
22
11
Каспий Ақтау
21
12
Қайсар
20
13
Атырау
19
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
16