Ресми: тәжірибелі жартылай қорғаушы Сатпаевтың жаңа серіктесі атанды

Автор
Fonteam редактор
Автор
03.08.26, 09:00
«Челси» Англия құрамасының 36 жастағы жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсонмен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Ресми: тәжірибелі жартылай қорғаушы Сатпаевтың жаңа серіктесі атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

Англия құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанды. Лондон клубы футболшымен екі жылдық келісімшарт жасасқанын хабарлады.

Жақын күндері Хендерсон команданың маусым алдындағы турнесіне қосылып, қазақстандық жас талант Дастан Сатпаевпен бірге жаттығу жұмыстарын бастайды.

«Клубтың деңгейі, бас бапкердің жұмысы және ойыншылардың сапасы бұл ұсынысты қабылдауыма басты себеп болды. Сонымен қатар, клуб иелерінің «Челсиді» қайтадан үлкен жетістіктерге жеткізуге деген ұмтылысы ерекше әсер етті. Енді бар күшімді салып, командаға алаңда да, оның сыртында да пайдамды тигізуге дайынмын», – деді Хендерсон клубтың баспасөз қызметіне.

Айта кетейік, Хендерсонның мансабындағы ең табысты кезең «Ливерпульде» өтті. Ол мерсисайдтық клуб сапында 12 жыл ойнап, Англия Премьер-лигасы мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Соңғы маусымда «Брентфорд» намысын қорғаған тәжірибелі жартылай қорғаушы 34 матчқа қатысып, бір гол соғып, үш нәтижелі пас авторы атанды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

03.08.26, 09:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
46
2
Қайрат
45
3
Астана
35
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
31
6
Елімай
28
7
Ұлытау
27
8
Жеңіс
23
9
Қызылжар
22
10
Тобыл
22
11
Каспий Ақтау
21
12
Қайсар
20
13
Атырау
19
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
16