Винисиус Жуниор бұл жазғы трансферлік терезенің басты кейіпкеріне айналуы мүмкін.
HandofArsenal дерегінше, «Арсенал» бразилиялық шабуылшымен байланысып, жеке келісімшарттың шарттарын алдын ала келісіп қойған. Сондай-ақ, лондондық клуб футболшыға қомақты ұсыныс жасағаны айтылуда.
Футболшының өкілдерімен келісімге келгеннен кейін «Арсенал» «Реалға» ірі трансферлік ұсыныспен шығуға ниетті.
Әзірге екі клуб арасында ресми келісім жоқ. Дегенмен, жеке шарттардың келісілгені ағылшындық клубтың мадридтік команданың ең жарқын ойыншыларының бірі үшін күреске белді бекем буғанын көрсетеді.
Винисиустың «Реалдағы» болашағы әзірге белгісіз күйде қалып отыр.
Бразилиялық әзірге мадридтік клубпен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алған жоқ. Дереккөздің мәліметінше, «Реалдың» басшылығы ойыншыға ультиматум қойған.
Клуб жаңа келісім бойынша соңғы ұсынысын жасап, шарттарды жақсартуға ниетті емес екендерін жеткізді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.