«17 жасар бала Чесноковты «жеп қойды»: «Паневежистің» бапкері – «Тобылдан» жеңілгені туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
31.07.26, 11:13
Литвалық «Паневежистің» бас бапкері Тони Коркеакуннас ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің «Тобылға» қарсы қарымта матчын (1:1, пенальти бойынша 2:3) қорытындылады.
«17 жасар бала Чесноковты «жеп қойды»: «Паневежистің» бапкері – «Тобылдан» жеңілгені туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Литвалықтар Миловановичтің аяғын байлап тастады: сыры неде?

«Мәселенің мәні де осында – соңғы уақытта біз қорғаныстағы ойынға аса қатты мән беріп жүрміз. Титулдарды дәл осы қорғаныс жеңіп береді. Егер бұл шепте мықты болсаң, шабуылдауға да мүмкіндік аласың. Осындай креативті командаға қарсы сенімді ойнауымыз керек екенін түсіндік.

Бұған дейін мен (Сейдина) Кейтаның қаншалықты тәжірибелі екенін айтқан едім. Ал қазір қарқын қосқан жас сербиялық қорғаушымыз өө Керкезді мақтан тұтатынымды қосқым келеді. Мен клубқа келгенде Страхиня «керексіздердің» бірі еді, ал қазір алаңда әр минутты өткізіп жүр.

Сол жақ қапталда сіздердің жұлдыздарыңызға қарсы академиядан шыққан жас бала ойнады (17 жастағы Довидас Балсис – ред.), сондықтан жағымды сәттер де жоқ емес. Сізбен келісемін – жігіттердің қорғаныста өзін қалай көрсеткеніне өзім де ризамын».

Соңғы минуттар тартысты өтті. Жүйке сыр берген жоқ па?

«Жігіттер бар күшін салды. Ойынның соңына қарай «Тобыл» жиірек қауіп төндірген болар, бірақ бізде де өте қауіпті сәттер болды. Доп қарсыластың айып алаңына кем дегенде бес рет кірді, тек мүмкіндіктерді пайдалана алмадық.

Шағымданатын ештеңе жоқ – тек мақтаныш сезімі бар. Нәтиже өкінішті, бірақ менің екі ойынға да көңілім толады», – деп түйіндеді 58 жастағы фин маманы.

Еске сала кетейік, матчтың бірінші жартысында гол соққанына қарамастан, «Паневежис» пенальти сериясында «Тобылға» жол берді. Литвалық команданың бастапқы құрамында кәсіби деңгейде бары-жоғы 15 ойын өткізген жас Довидас Балсис алаңға шықты.

Айта кетейік, турнирдің келесі кезеңінде Мирослав Ромащенконың ұжымы люксембургтік «УНА Штрассенді» тас-талқан еткен (жалпы есеп 5:0) сербиялық «Партизанға» қарсы ойнайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

31.07.26, 11:13

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
45
2
Ордабасы
43
3
Астана
32
4
Ақтөбе
31
5
Оқжетпес
30
6
Елімай
29
7
Ұлытау
27
8
Тобыл
22
9
Жеңіс
22
10
Каспий Ақтау
21
11
Қайсар
20
12
Қызылжар
19
13
Атырау
18
14
Жетісу
18
15
Алтай
16
16
Ертіс
14