Магомед Адиев Қазақстан құрамасына оралуы мүмкін: экс-бапкер ҚФФ-ның шорт-листіне енді
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев бос тұрған бас бапкер лауазымына негізгі үміткерлердің қатарына кірді.
49 жастағы ресейлік маман шорт-листке еніп, онымен келіссөздер жүргізілген.
Адиевтен бөлек, үміткерлер тізімінде отандық мамандар, атап айтсақ, Григорий Бабаян, Қайрат Нұрдәулетов және басқа да бапкерлер бар.
Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында жаттықтырды және ұлттық құрама тарихындағы ең табысты бапкер болып саналады. Оның басшылығымен қазақстандық футболшылар тарихи нәтижелерге қол жеткізді:
- Ұлттар лигасының С дивизионындағы өзі орналасқан топта жеңіске жетіп, В дивизионына жолдама алды;
- Тарихта алғаш рет Еуропа чемпионаты-2024 іріктеуінің плей-офф матчтарына дейін жетті.
Ұлттық құрамадағы жұмысын аяқтағаннан кейін ресейлік маман мансабын клубтық деңгейде жалғастырды. Ол грозныйлық «Ахмат», мәскеулік «Химки», самаралық «Крылья Советов», сондай-ақ беларусьтік «МЛ Витебск» клубтарын жаттықтырды.
Қазіргі уақытта Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымы бос тұр. Жаңа бапкерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ