Маманның айтуынша, қазақстандық футболшы оқу-жаттығу жиыны басталған кезде командаға қосылған. Алайда әзірге толық жүктемемен жұмыс істеуге дайын емес.
«Зайнутдинов оқу-жаттығу жиынының басынан бастап бізбен бірге болды. Бірақ оған тұрақты түрде толыққанды жаттығу өткізу әзірге қиын. Соған қарамастан, оның жақын арада қатарға қайта қосылатынына сенеміз. Майсторович осы аптада командамен бірге жаттығуды бастады. Кеше негізгі құраммен толық жаттығу өткізді. Енді оның алаңға алғашқы минуттардан шығатынын немесе қосалқы құрамнан бастайтынын көреміз», – деді Шварц Sports24.ru басылымына.
Еске салайық, Зайнутдинов мәскеулік «Динамоға» 2025 жылдың жазында ауысқан болатын. Сол жылдың қазан айында «Ахматқа» қарсы кездесуде ауыр жарақат алып, маусымның қалған бөлігін өткізіп алды.
2025/26 жылғы маусымда Қазақстан құрамасының қорғаушысы мәскеулік клуб сапында 10 матчқа қатысқанымен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.