Сербиялық легионердің пікірінше, алматылық клуб әлі күнге дейін өз түлегіне тең келетін алмастырушы таба алған жоқ:
– «Челсиге» ауысқан аса талантты Дастан Сәтпаевсыз «Қайраттың» жағдайы не болмақ?
– Оның орнына испаниялық шабуылшы Марк Гуаль келді, бірақ ол «ондық» позициясына (плеймейкерге) жақынырақ.
Ол Сәтпаев сияқты классикалық форвард емес: Дастан дриблингті керемет меңгерген, әрдайым алға ұмтылады, жылдам, соққысы мен пасы дөп келеді, көп ойланбайды, барынша тура ойнайды. «Қайрат» оған лайықты алмастырушы таба алмады, сондықтан олар әлсірей түсті деп есептеймін, – деді Антич Mozzart Sport басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, «Қайраттың» түлегі Дастан Сәтпаев «Челсидің» базасында жаттығып, лондондық клубта бейімделуден өтуде. Қазақстандық шабуылшының келісімшарты тамызда – ол 18 жасқа толған бойда күшіне енеді.
Маусым айында алматылықтар Испания жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Марк Гуальмен келісімшарт жасасқан еді. 30 жастағы шабуылшы өткізген тоғыз матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
ҚПЛ-дың 18 турынан кейін «Ордабасы» 43 ұпай жинап, қосымша бір ойыны бар күйде турнир кестесінде көш бастап тұр. «Қайрат» 42 ұпаймен екінші орында. 26 шілдеде қос ұжым Алматыда бетпе-бет кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.