L'Équipe дерегі бойынша, «корольдік клуб» испандық футболшысын былтыр мансабын аяқтаған неміс Тони Кроосқа лайықты алмастырғыш ретінде қарастырып отыр. Олар 30 жастағы жартылай қорғаушы үшін нарықтық құнынан жоғары соманы төлеуге дайын.
Айта кетерлігі, Родридің өзі Мадридке (бұрын «Атлетико» сапында ойнаған) қайта оралғысы келетінін жасырмайды. Ал мадридтік алпауыт Родридің баламасы ретінде «Челсидің» Энцо Фернандесін қарастыруда.
Өткен маусымда Родри барлық турнирде клуб сапында 33 матчқа қатысып, екі голмен көзге түсті, сондай-ақ 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын жеңіп, турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Transfermarkt порталы ұсынған мәлімет бойынша, футболшының нарықтық құны 55 миллион еуроны құрайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.