Әлем чемпионатының үздік ойыншысы «Реалға» ауысуы мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.07.26, 10:57
«Манчестер Сити» мен Испания құрамасының тірек жартылай қорғаушысы Родри мадридтік «Реалға» 60 миллион еуроға ауысуы мүмкін.
Әлем чемпионатының үздік ойыншысы «Реалға» ауысуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

L'Équipe дерегі бойынша, «корольдік клуб» испандық футболшысын былтыр мансабын аяқтаған неміс Тони Кроосқа лайықты алмастырғыш ретінде қарастырып отыр. Олар 30 жастағы жартылай қорғаушы үшін нарықтық құнынан жоғары соманы төлеуге дайын.

Айта кетерлігі, Родридің өзі Мадридке (бұрын «Атлетико» сапында ойнаған) қайта оралғысы келетінін жасырмайды. Ал мадридтік алпауыт Родридің баламасы ретінде «Челсидің» Энцо Фернандесін қарастыруда.

Өткен маусымда Родри барлық турнирде клуб сапында 33 матчқа қатысып, екі голмен көзге түсті, сондай-ақ 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын жеңіп, турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Transfermarkt порталы ұсынған мәлімет бойынша, футболшының нарықтық құны 55 миллион еуроны құрайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

23.07.26, 10:57

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11