УЕФА «Қайсар Аренаға» Чемпиондар лигасы мен ұлттық құрамалардың ойындарын өткізуге құқық берді

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.07.26, 09:54
Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның төртінші – ең жоғары санатына ресми түрде ие болды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
УЕФА «Қайсар Аренаға» Чемпиондар лигасы мен ұлттық құрамалардың ойындарын өткізуге құқық берді
Сурет: ашық дереккөздерден

Федерацияда атап өткендей, осы жылдың сәуір айында аренаға УЕФА-ның стадион инфрақұрылымы бойынша өкілі Скотт Струзерс инспекциялық сапармен келген еді. Сарапшы нысанды мұқият қарап шығып, оның УЕФА-ның стадион инфрақұрылымы регламентіне сәйкестігін бағалады.

Тексеру және ұсынылған есептерді талдау нәтижесінде УЕФА «Қайсар Аренаға» ең жоғары, төртінші санатты берді. Енді Қызылордадағы стадион халықаралық ең жоғары деңгейдегі матчтарды, соның ішінде Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі мен Ұлттар лигасындағы ойындарын, сондай-ақ Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу мен негізгі кезеңдерінің матчтарын өткізуге толық сәйкес келеді.

Осы санатқа қол жеткізу – аймақтың спорт инфрақұрылымын дамыту мен Қазақстанда халықаралық футбол матчтарын өткізу географиясын кеңейтудегі маңызды қадам болды.

Еске сала кетейік, 11 мың көрерменге арналған жаңа арена Қызылордада 2025 жылғы 4 қазанда Қазақстан кубогының финалында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) арасындағы матчпен ашылған болатын.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

23.07.26, 09:54

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11