«Армандарым мені қайда жетелейтінін елестете де алмадым. Бүгін өткеніме мақтанышпен қарап, тек бір нәрсе айта аламын: Отбасыма рахмет. Командадағы серіктестеріме рахмет. Барлық жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын – әрқашан менің жанымнан табылдыңыздар. Мен өзіммен бірге миллиондардың махаббатын алып барамын және Мексика үшін барымды салғаныма сенемін. Біз бастан өткерген сәттерді ешкім тартып ала алмайды. Барлығыңызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін!» – деп жазды Очоа Instagram парақшасында.
Клуб деңгейінде Очоа «Америка» сапында 2005 жылғы Клаусура турнирінде чемпион атанса, Бельгияның Льеж қаласындағы «Стандард» құрамында ел кубогын жеңіп алды.
Халықаралық аренада ол Мексика құрамасына алты мәрте КОНКАКАФ Алтын кубогын ұтып алуға көмектесті және Токио-2020 Олимпиадасында қола жүлдегер атанды.
40 жастағы Очоа 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Чехияға қарсы өткен (3:0) ойында 78-минутта алаңға шығып, өзінің төртінші мундиалында өнер көрсетті. Очоа ұлттық құраманың әлем чемпионатына алты рет шақырылған ойыншысы болды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.