«Челси» Сәтпаевтың шабуылдағы жаңа серіктесін 117 млн-ға сатып алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.07.26, 05:00
Лондондық «Челси» Англия құрамасының 23 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Морган Роджерстің «Астон Вилладан» ауысқанын хабарлады.
«Челси» Сәтпаевтың шабуылдағы жаңа серіктесін 117 млн-ға сатып алды
Коллаж

Мәміле сомасы 117 млн фунт стерлингті ($157 млн) құрады, бұл британдық футболшылар үшін абсолютті рекорд атанды. Ойыншымен келісімшарт 2033 жылға дейін есептелген.

 

«Мен өте толқынышты көңіл-күйдемін. Мен үшін «Челси» – бала кезімнен сүйсініп қарайтын Лондонның ең үлкен клубы.

Жаңа бас бапкермен, ойыншыларымызбен дайындалған жоба және клубтың даму бағыты мені қатты жігерлендіреді. Менің осында жүргенімнің де себебі осы, жұмысты тезірек бастауға асықпын», – деді жаңа футболшы.

Роджерстің трансфері британдық ойыншылар арасындағы осыдан бірнеше апта бұрын ғана орнатылған бұрынғы рекордты басып озды – ол Эллиот Андерсонның «Манчестер Ситиден» «Ноттингем Форестке» 116 млн фунтқа ауысуы еді.

Морган Энцо Фернандесті (2023 жылы 107 млн фунт) басып озып, лондондық клуб тарихындағы ең қымбат трансфер атанды.

Ойыншының бұрынғы клубы «Мидлсбро» 2024 жылы келісімшартқа енгізілген кейінгі сату туралы тармақтың арқасында трансфер сомасының 20%-ын алады.

«Көктердің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсоға шабуылдағы жаңа байланысты жолға қою жүктелген. Шабуылдаушы хавбек («ондық») орнында да, қапталда да ойнай алатын Роджерс шабуылдарды ұйымдастырып, жас қазақстандық форвард Дастан Сәтпаев өнер көрсететін орталық шабуылшыларды пастармен қамтамасыз етуге тиіс.

Олардан бөлек, Алонсоның қарамағында Коул Палмер, Педро Нето, Эстевао Виллиан және Жеовани Кенда бар. Англиялық футболшының келуіне байланысты, клуб трансферлік терезе жабылғанша аргентиналық вингер Алехандро Гарначоны сатады деп күтілуде.

Өткен маусымдарда жартылай қорғаушы премьер-лигадағы 85 матчта 21 гол соғып, бирмингемдіктерге Еуропа лигасын жеңіп алуға көмектесті. Өткен маусым ол үшін серпінді болды: 55 ойында 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Роджерс – «Манчестер Сити» академиясы кездерінен бері Коул Палмердің жақын досы. Кезінде Палмер танымал еткен әйгілі «Cold» (суықты ишаралау) гол тойлауын ең алғаш болып «Мидлсбро» сапында ойнап жүргенде дәл осы Морган көрсеткен еді.

Футболшы шағын демалыстан кейін «Челсиге» қосылады – Англия құрамасы сапында ол Солтүстік Америкадағы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен еді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.07.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11