Стоилов – Джолчиев туралы: ешқандай кемшілігі жоқ, Роналдумен деңгейлес футболшы еді

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.07.26, 05:00
«Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Бауыржан Джолчиев туралы пікір білдіріп, оны Криштиану Роналду деңгейіндегі ойыншыға теңеді.
Стоилов – Джолчиев туралы: ешқандай кемшілігі жоқ, Роналдумен деңгейлес футболшы еді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Мансабымда кездескен ең талантты футболшы – Джолчиев. Клуб басшылығы оның футболды жалғастыруы үшін бар күшін салды. Бірақ адамның ойы дұрыс жұмыс істемесе, қиын болады. Ал футболшы ретіндегі қасиеттеріне келсек, Бауыржан маған қатты ұнайтын – ешқандай кемшілігі жоқ еді. Бұл Роналду деңгейіндегі футболшы», – деді маман Zidan4eg LIVE арнасына берген сұхбатында.

Бауыржан Джолчиев 2014 жылы «Астана» клубына ауысқан. Елордалық команда сапында 72 матч өткізіп, 15 гол соқты, 11 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ швециялық АИК және кипрлік АПОЭЛ клубтарына қарсы ойындарда да мергендігімен көзге түсті.

Тәртіп мәселесіне байланысты Джолчиев кәсіби мансабын небәрі 25 жасында аяқтады. 2016 жылы футболшы мас күйінде көлік жүргізгені үшін полицияға ұсталып, үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

20.07.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
43
2
Қайрат
42
3
Оқжетпес
30
4
Астана
29
5
Ақтөбе
28
6
Ұлытау
27
7
Елімай
26
8
Жеңіс
22
9
Тобыл
19
10
Қайсар
19
11
Атырау
18
12
Жетісу
18
13
Каспий Ақтау
18
14
Алтай
16
15
Қызылжар
16
16
Ертіс
11