Де ла Фуэнте Ямальдың финалға дайындығын бағалады

Автор
Алихан Ибраев
Автор
18.07.26, 07:00
Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы қарсаңында Ламин Ямальдың физикалық жағдайына қатысты пікір білдірді.
Де ла Фуэнте Ямальдың финалға дайындығын бағалады
Ламин Ямал

Маманның айтуынша, жас шабуылшымен бәрі жақсы. Ол жұма күні командамен толыққанды жаттығып, финалға жақсы бабында дайындалып жатыр.

«Оның жағдайы жақсы. Жаттығуды жоғары деңгейде өткізді. Мұндай сәттер ең қиын кезеңдердің бірі, өйткені қалпына келуге уақыт аз. Кеше оған демалыс бергенді жөн көрдік, ал бүгін ол жаттығуға толық қатысты. Қазір оның физикалық жағдайы өте жақсы», – деді де ла Фуэнте AS басылымына.

Еске салсақ, бұған дейін Ламин Ямаль Нью-Джерсиде өткен Испания құрамасының топтық жаттығуына қатыспаған еді. Жартылай финалдағы кездесуден кейін қанаттағы ойыншы шаршаңқылықты сезініп, матч барысында алған соққылардың салдарын байқатқан. Осыған байланысты бапкерлер штабы шешуші ойын алдында оның денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көрген.

Испания мен Аргентина арасындағы әлем чемпионатының финалы 20 шілдеге қараған түні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

18.07.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11