Arriyadiyah дереккөзінің мәліметінше, қаржы тапшылығына байланысты клуб басшылығы бірқатар әкімшілік және спорттық мәселелерді уақытша кейінге қалдырған. Бұл жағдай футболшыларға да әсер еткен. Команда ойыншыларының бір бөлігі маусым айындағы жалақысын толық көлемде алмаған, ал қалған қаражат кейінірек төленеді деп күтілуде.
Сонымен қатар «Әл-Наср» әзірге трансфер нарығында да белсенді әрекет ете алмай отыр. Келісімшарты аяқталған Марцело Брозович кеткеннен кейін клуб оның орнына шетелдік жартылай қорғаушы алуды жоспарлаған. Алайда қаржылық жағдайға байланысты әлеуетті футболшылармен ресми келіссөздер әлі басталмаған.
Жаңа маусымда Сауд Арабиясының қазіргі чемпионын австралиялық маман Ангелос Постекоглу жаттықтырады. Команда ел чемпионатында, Король кубогында, Сауд Арабиясы Суперкубогында және Азия чемпиондар лигасында бақ сынайды.
Команданың басты жұлдызы – Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду. Ол «Әл-Наср» сапында осы уақытқа дейін 142 матч өткізіп, 123 голдың авторы атанды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.