«Самородов – тамаша әрі шеберлі ойыншы. Ол өзіне жақсы таныс әрі мықты бапкердің қол астында дәл осы қарқынмен жұмыс істей береді деп үміттенемін. Қазір Максимнің өзін жоғары деңгейде көрсетіп, басқа да салмақты ұжымға ауысуы үшін барлық жағдай бар», – деді Бериша.
Өткен маусымда «Ахматтың» вингері 34 матчқа қатысып, бес гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, 24 жастағы қазақстандық футболшы мансабын мәскеулік «Спартакта» жалғастыруы мүмкін.
Грозныйлық клубтың бұрынғы капитаны. Косоволық ойыншы сегіз жыл ішінде команда сапында 28 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.