– Құрамды сәл өзгерттік: Конференция лигасында «Динамо Ситиге» қарсы ойнаған жігіттер демалды. Дегенмен, әсіресе доппен жақсы ойнадық. Алғашқы 30–35 минутта тіпті мінсіз өнер көрсеттік. Содан кейін сәл босаңсып қалдық. Қарсыласта 2-3 қауіпті стандарт болды. Екінші таймда да жақсы ойнап, матчта жеңіске жеттік.
– Бапкер үзілісте не айтты?
– Осылай ойнауды жалғастыру керек деді. Әр ойыншы өз мүмкіндігін соңына дейін жеткізуін сұрады.
– Жақында ғана әлем чемпионатынан оралдыңыз. Мундиалдағы атмосфера мен өз ойыныңызды қалай бағалайсыз?
– Атмосфера өте керемет, тарихи болды. Біз жеңіске жетіп, топтан шықтық. Ал өз ойыныма көңілім толады.
– Әлем чемпионатының үлкен стадиондарынан кейін біздің шағын стадиондарға психологиялық тұрғыдан ауысу қиын емес пе?
– Жоқ. Мен кәсіпқой ойыншымын. Әр ойынға бірдей дайындалып, бірдей жауапкершілікпен қарауым керек. Сондай-ақ командаға көмектесіп, жарақат алмауым қажет. Сондықтан ешқандай айырмашылық жоқ.
Еске сала кетейік, «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы тартысты кездесу алаң иелерінің ерік-жігер көрсеткен жеңісімен аяқталды. «Астана» ойыншысы Дмитрий Шомконың соққан голына қонақтар үзіліс алдында жауап беріп, Гиорги Зария мергендік танытты. Кейін Артур Шушеначев «Ақтөбені» алға шығарды. Алайда көп ұзамай Иван Башич таразы басын теңестіре алды, ал ойын соңында Станислав Басманов елордалық командаға жеңіс сыйлаған шешуші голды соқты.
Башич өнер көрсететін Босния және Герцеговина құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы жорығын 1/16 финалда аяқтап, АҚШ құрамасына 0:2 есебімен жол берді. Команда В тобында төрт ұпай жинап, үшінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.