«Сутьеска» жартылай қорғаушысы – «Қайраттан» жеңілгені туралы: жауапты матчта мүмкіндік бар

Автор
Fonteam редактор
Автор
11.07.26, 07:00
Черногориялық «Сутьеска» клубының жартылай қорғаушысы Йован Чадженович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайратпен» болған матч туралы пікір білдірді.
«Сутьеска» жартылай қорғаушысы – «Қайраттан» жеңілгені туралы: жауапты матчта мүмкіндік бар
Сурет: ашық дереккөздерден

«Жақсы ойын көрсеттік. Бас бапкердің жоспарын барынша орындадық. Бірақ айырмашылық бар: «Қайрат» чемпионаттың қызған шағына жетті, ал біз маусым алдындағы дайындықты енді ғана аяқтадық. Сондықтан физикалық дайындық жағынан аздап кемшілік болды деп ойлаймын. Сондай-ақ матч соңында жолымыз болмады, соңғы минуттарда гол жіберіп алдық.

Соған қарамастан, өз алаңымыздағы кездесуде мүмкіндік бар. Жанкүйерлеріміз бізге үлкен қолдау көрсетеді. Қызықты матч болады деп сенемін. Біз соңына дейін күрестік және гол соғатын сәттің болатынын сездік. Құдай қаласа, өз алаңымызда бәрі басқаша болады», – деді Чадженович.

Сондай-ақ черногориялық футболшы Қазақстанға қайта оралғанына қуанышты екенін айтып, бұл ел жылы естеліктерін бөлісті.

 

«Қазақстанға қайта келгеніме өте қуаныштымын. Бұл ел туралы тек жақсы естеліктер бар. Бұған дейін «Тараз» бен «Қайсар» клубтарында ойнап, Қазақстанда екі жыл өткіздім. Мұндағы стадиондар, жанкүйерлер және адамдардың қонақжайлығы ерекше әсер қалдырды», – деді ол.

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Черногорияның «Сутьескасын» 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің 76-минутында Африко есеп ашса, 90-минутта Мрвальевич таразы басын теңестірді. Алайда 90+3-минутта Гуаль көзге түсіп, «Қайратқа» маңызды жеңіс сыйлады.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

11.07.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11