«Қазір өзімнің бұрынғы клубым «Тараздың» бірінші лигада ойнап жүргенін көрдім. Өте өкінішті, олар премьер-лигаға тезірек оралады деп үміттенемін.
«Тараз» – нағыз таланттар отаны. Ол жақта әрқашан болашағынан үлкен үміт күттіретін перспективалы футболшылар көп болатын. Кезінде мен бірге ойнаған Қараман мен Сейсен қазір «Астана» сапында өнер көрсетіп жүр, сонымен қатар Таубай сияқты дарынды футболшы да болды. Жалпы, дарынды жастар өте көп. Олардың жақын арада жоғары дивизионға қайта қосылатынына сенемін», – деді черногориялық легионер.
31 жастағы черногориялық хавбек Йован Чадженович Қазақстан премьер-лигасында жақсы таныс. Ол 2020 жылы «Тараз» сапында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болған. Кейіннен Қазақстанда «Қайсардың» да намысын қорғады. Қазіргі уақытта ол Алматының «Қайратына» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнап жатқан черногориялық «Сутьесканың» сапында өнер көрсетеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.