Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының екінші турына шолу жасалды.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Өзбекстан құрамасының ойынына көңілі толмағанын айтты:
"Фабио Каннаваро бас бапкер тізгінін қабылдаған сәтте басты мақсат не еді? Қорғанысты реттеу. Оны не үшін шақырды? Әйтпесе, Тимур Кападзенің өзінің стилі бар, Өзбекстан ұлттық құрамасы жылдам шабуылдайтын, әдемі ойын өрнегі бар құрама еді. Фабио Каннаваро келді, қорғанысты реттеп беремін деді. Қорғаныста еш нәрсе реттелмегенін көрдік. Португалияға қарсы кездесуде құрама кәдімгідей шашылып қалды", – деді Әлімжан Асқар.