Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 14 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Елдос Ахметов "Жетісу" бапкері Қайрат Нұрдәулетовке қолдау білдірді:
"Қайрат Нұрдәулетов ағамды қолдап кеткім келеді осы сәтте. Шыны керек, жүйке жүйесіне басқа материал алу керек сияқты. Қанша ойын болды, ұтып келе жатып, жеңісті жіберіп қойып жатады... Бапкердің жұмысы көрініп тұр. Құрамның көшбасшысы Серікжан Мұжықов болған жоқ. Соған қарамастан бұл ойында да жақсы нәтиже көрсетіп келді соңғы минутқа дейін", – деді Елдос Ахметов.