Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасына да жасанды табиғиландыру жасау қажет екенін атап өтті:
"Мен осыны баяғыда айттым. Қазақстан ұлттық құрама командасын тура қазір күшейтуіміз керек. Ертең азанда күшейтетін жағдай керек болса, футбол деген өте ұзақ процесс. Қазір бір бала "Қайраттың" академиясында тоғызыншы сыныпта оқып жатыр. Ол шығып ұлттық құрамаға келіп, Елдос Ахметовтың қоластына келуі үшін әлі бес-алты жыл бар. Оны күтіп отыратын менде уақыт жоқ. "Вердерде" ойнап жатыр ғой ойыншы, анасы Түлкібаста туған", – деді Ермұхамед Мәулен.