Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының алғашқы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен солтүстік Америкада өтіп жатқан мундиальдің уақыты Қазақстанғп ыңғайсыз деген пікір білдірді:
"Мынау әлем чемпионаты бізге, Қазақстанға ыңғайсыз уақыт екен. Мен үшін қатты байқалып жатқан жоқ, мен онсызда төрт-беске шейін өмір сүретін адаммын. Бірақ басқа адамдар үшін өте нашар уақыт екен. Олар сенбі, жексенбі демалыс күндері болса да, көп матчты көріп жатқан жоқ екен. Және кафе ресторандарды көреміз ғой енді, бірде бір адам футбол көру үшін келіп жатқан жоқ екен. Және де, екінші мәселе... Гаити - Шотландия әлем чемпионатының матчы деп айту өте қиын екен. Сондықтан топтық кезең аяқталып, плей-офф кезеңі басталған сәтте чемпионат қызатын секілді", – деді Ермұхамед Мәулен.