Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.
Белгілі журналис, танымал комментатор Ермұхамед Мәулен Португалияның әлем чемпионы атануы мүмкін деген пікір білдірді:
"Оның барлығы саясат қой. Футболға саясат араласып кеткен деп бір нұсқа айтатын болсақ, УЕФА Португалияны чемпион қылуы тиіс. Өйткені текетірес керек, адамдарға қызық дискуссия керек. Футболдың мәңгі бақи қырғиқабақ екенін көрсету керек. Яғни, Месси әлем чемпионы болды ма, енді УЕФА көмектесіп, Португалияны чемпион қылу керек", – деді Ермұхамед Мәулен.