Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионаты алдында превью жасалды.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Криштиану Роналдудың жасы туралы әңгіме қозғады:
"Ол былай ғой. Шаршап қалған ғой (Криштиану), шал болып қалған ғой енді... Кезінде сөз жоқ, ең мықты футболист болды. Бірақ енді қазір ол ойнағысы келеді, мені неге шығармадың, неге аз уақыт бердің... Басталады ғой сондай мәселелер", – деді Олжас Байбосын.