Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 12 турына шолу жасалды.
Подкаст қонағы, комментатор Бексұлтан Кеулімқос Дидар Есімовтің чемпиондық интригаға қатысты сауалына өз ойын білдірді:
"Маусымның аяқталуына әлі өте ұзақ уақыт бар. ҚПЛ клубтарынан көріп отырмыз ғой, кез келген команда бір бірінен ұпай тартып алып жатыр. "Алтайдың" өзі "Астанадан" ұпай тартып алып жатыр, "Каспий" де "Астананы" жеңді, "Тобыл" быт-шыт болып жатыр. Сол себепті әлі ұпай жоғалтулар алда әлі өте көп болады", – деді Бексұлтан Кеулімқос.