Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Астана" шабуылшысы Рамазан Кәрімов жайлы пікір білдірді:
"Рамазанның кезінде "Мақтааралда" ойнаған ойынын іздейміз ғой. Бірақ бұл жерде тағы бір нәрсені ескеруіміз керек. Ол ойын стилі, "Астанада" ойын стилі өзгеше. Рамазан "столб" болып ойнайды ғой. Сол себепті де ол бір ойынды жақсы ойнайды, ал екінші ойында сәл ойыны жүрмей қалады. Менің ойымша, бұл балаға тек тұрақтылық керек", – деді Елдос Ахметов.