Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Жасұлан Әмірдің ойынына жеке тоқталып өтті:
"Бұл бала қазіргі таңда"Ордабасының" бетке ұстар ойыншыларының бірі. Неге 90 минут ойнай бастады? Себебі, бас бапкер (Андрей Мартин) жайлап дайындады Әмірді. Бастапқы минуттан ойната берсе, жарақат алып қалу қауіпі болар еді. Басында 30 минут ойнатты, сосын бір тайм ойнатып отырды, енді міне 90 минут ойнатып, Жасұлан екі гол соқты", – деді Елдос Ахметов.