Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің 11 турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, танымал комментатор Ерсін Ерік "Тобылдың" "Ордабасыға" қарсы бір ойыншыға кем ойнағаны жайлы пікір білдірді:
"Менің ойымша, "Тобылға" бұл ойында толық құраммен ойнаса да, ұпай алуы қиын болатын еді. Себебі, команда да қазір "спад", ол ашық көрініп тұр. Қорғаныста мәселе бар, ортада мәселе бар, Асхат Тағыберген жалғыз өзі сүйрей алмауда команданы", – деді Ерсін Ерік.