Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында ҚПЛ-дің оныншы турына шолу жасалды.
Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Қайрат" ойыншысы Азамат Тұяқбаевтың ойынын ерекше атап өтті:
"Тұяқбаевтің ойынына тоқталуымыз керек. Шыныменде, Азамат ойынға қосалқы құрамнан легионерлер деңгейінде қосылып, ойынды жандандырды. "Ордабасыда" Жасұлан Әмір мен Мағжан Тоқтыбай шығып жатыр, "Қайратта" Тұяқбаев сияқты ойыншылар алаңға шығып жатқаны, менің ойымша Қазақстанның кішігірім жеңісі деп ойлаймын", – деді Елдос Ахметов.