Фонтимның кезекті шығарылымында "Қайраттың" "Андерлехтке" ойсырай ұтылғаны жайлы подкаст резиденті Ерсін Ерік пікір білдірді:
"Таяқтың екі ұшы бар. Бір жағынан "Қайратты" түсінгім келеді. Ойлап қарасақ, Қазақстандық ешқандай бапкер жоқ осындай. Команданы чемпиондыққа үшінші маусым қатарынан сүйреп жатыр, екі маусымда чемпион болды. Және былтыр Чемпиондар лигасына шығарды клубты, биыл Конференция лигасына шығарды. Бұл жерде құрамды сынап отырмыз, Оразбахтинның алдында топ-футболшылар жоқ. Африконы, Юкколаны, Оксаненды топ-ойыншылар деп атай алмайсың. Мәселе Оразбахтинде емес, мәселе клубтың селекциялық жұмыстарында", – деді Ерсін Ерік.