Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының Плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Германияның ойынына қатысты пікір білдірді:
"Германия ұшып кетті. Ойынды көрдім. Бірінші тайм аяқтала салысымен бірден айттым, мыналар алысқа бармайды деп едім. Тура сол болды ғой, сол стадионнан кетті ғой. Келесі кезеңге шықпағаны да дұрыс болды. Франция масқара қылып жіберетін еді, ойын жоқ қой Германияда", – деді Ермұхамед Мәулен.