Слот қалады ма? "Ливерпуль" бапкердің болашағы жайлы мәлімдеме жасады

Слот қалады ма? "Ливерпуль" бапкердің болашағы жайлы мәлімдеме жасады
Арне Слот. Фото: Getty Images

"Ливерпуль" клубының иелері — Fenway Sports Group — Арне Слоттың келесі маусымда да бас бапкер қызметінде қалғанын қалайды. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.

Соңғы аптада Слот үлкен қысымға тап болды. Өткен демалыста "Ливерпуль" Англия Кубогының ширек финалында "Манчестер Ситиден" 0:4 есебімен жеңіліп, бұл маусымдағы 15-ші жеңілісіне ұшырады. Одан кейін команда Чемпиондар лигасында "ПСЖ"-дан да ұтылды. Мұндай нәтижелер жанкүйерлердің наразылығын күшейтті. Алайда олардың Слотты қызметтен босату жөніндегі үміті клубтың америкалық қожайындары мен британдық директорлары — Майкл Эдвардс пен Ричард Хьюздің жоспарымен сәйкес келмейді.

Маусымның сәтсіз өтуіне не себеп?

The Telegraph мәліметінше, клуб басшылығы маусымдағы сәтсіз нәтижелерге әсер еткен бірнеше факторды ескеріп отыр. Олардың қатарында Диогу Жотаның қайтыс болуы және оның командаға тигізген әсері, Мохамед Салахтың ойынының күрт төмендеуі, сондай-ақ құрамдағы ауқымды өзгерістер бар.

Слоттың келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Сондықтан клуб басшылығы келісімді ұзарту немесе тоқтату туралы шешімді қабылдамас бұрын, бапкердің келесі маусымды қалай бастайтынын бақыламақ.

Айта кетейік, Слоттың орнына негізгі үміткер ретінде қазір клубсыз жүрген Хаби Алонсо аталып отыр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1