Дастан Сәтпаев мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды

Дастан Сәтпаев мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды
Дастан Сәтпаев. Фото: "Қайрат" ФК

"Қайрат" клубының жас шабуылшысына мемлекеттік лауреат табысталды.

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады.

Айта кетейік, Сәтпаев бұған дейін, нақтырақ айтқанда 2025 жылдың 26 қарашасында өткен ресми марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын. Министрдің сөзінше, жас ойыншының өнері жасөспірімдерге үлгі болып, еліміздегі футболдың дамуына оң ықпал етіп жатыр.

Қысқа уақыт ішінде Дастан "Қайрат" сапында бірқатар жетістіктерге жетті. Ол Қазақстан Премьер-лигасының 2024/2025 жылғы маусымында чемпион атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық ретінде тарихқа енді.

Рекордтар жайлы

Сәтпаев ұлттық құрамада да ерте көзге түсті — ол небәрі 16 жас 7 айында дебют жасап, команданың ең жас ойыншысы атанды. Бұған қоса, 2025 жылдың қарашасында Бельгия құрамасының қақпасына гол соғып, тағы бір рекорд орнатты.

Жазда Дастан "Челси" ойыншысы атанады

2026 жылдың тамыз айында футболшы лондондық "Челси" клубына ауысады. Трансфер құны шамамен 4 миллион еуроға бағаланып отыр, ал ойыншының қазіргі нарықтық құны — 3 миллион еуро.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
10
2
Ордабасы
8
3
Елімай
8
4
Оқжетпес
8
5
Астана
7
6
Ертіс
6
7
Қызылжар
5
8
Ұлытау
5
9
Жетісу
5
10
Атырау
4
11
Ақтөбе
4
12
Жеңіс
3
13
Қайсар
3
14
Алтай
2
15
Каспий Ақтау
1
16
Тобыл
1