– Ариагнер, ойын туралы не айтасыз? Екінші таймда команда неліктен сыр берді?
– Меніңше, екінші таймда біздің команда тым қатты толқып кетті. Біз алаңға шығып, командаға көмектесуге тырыстық, бірақ «Ордабасы» көп шабуыл жасап, соңында гол соғып кетті. Сонымен қатар, төреші біздің жұмысымызды сәл қиындатып жіберді деп есептеймін.
– Соңғы кездері командада шабуылды аяқтау жағы ақсап тұрған сияқты. Басты мәселе неде?
– Көптеген ойындарда бізде соңғы пас немесе соңғы соққы жетіспей жатады, бұл – анық мәселе. Шабуылды сәтті аяқтап, көбірек гол соғуымыз керек, қазіргі басты проблемамыз осы болып тұр.
– Шымкенттегі стадионның атмосферасы қандай әсер қалдырды?
– Атмосфераға келетін болсақ, лық толы стадионның «Ордабасыны» 90 минут бойы қалай қолдағанын көру керемет болды. Әрине, бұл олар үшін үлкен басымдық берді.
Ағымдағы маусымда 27 жастағы никарагуалық шабуылшы «Ұлытау» сапында барлық додада 17 матч өткізіп, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Еске сала кетейік, осы жеңілістен кейін жезқазғандық клуб 23 ұпаймен жарыс кестесінің орта тұсында қалды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.