– Бьорн, ойын туралы не айтасыз? Гол соғып, командаға маңызды үш ұпай сыйладыңыз...
– Иә, өте қиын ойын болды. Білесіз бе, мен командамыздың жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін қалаймын. Сондықтан гол соққаным жақсы болды. Дегенмен біздің команда бұдан да көп гол соға алатынын білесіздер. Қалай болғанда да, нәтижеге қол жеткізгеніміз жақсы, біз әрі қарай алға жылжи береміз.
– Үзіліс кезінде бапкер не деді?
– Ол бұл ойынның оңай болмайтынын білгенін айтты. Біз тактикалық жүйені сәл өзгерттік, сосын үзілісте тағы да ауыстырдық. Оның нәтижесін көріп тұрсыздар. Ол өте сәтті өзгеріс жасады және екінші таймда жақсырақ ойнағанымыз көрініп тұрды. Бірақ бұл бізге «бұл ойын оңай болмайды» деп ескерткендіктен де осылай болды.
Жарыс кестесінің басында тұрғанда енді ешқандай ойын оңай болмайды. Бәрі сені төмен түсіргісі келеді. Ал ең бастысы – бәрін артта қалдырып, барынша көп ұпай жинауға тырысу.
– Өткен жылы сіз кутаисилік «Торпедода» жүргенде сөйлескенімізде, осында ойнаймын деп ойладыңыз ба?
– Жоқ. Бірақ бұл ойында ерекше атмосфера болды. Бұл менің есімде қалған нәрсе еді, сондықтан клубқа ұсыныс түскенде, мен «жоқ» деп айта алмадым. Мұнда алғаш келгенімде өте керемет әсер алғанмын. Мен тек осы жерде футболдағы мансабымды жалғастыра алатыныма көз жеткізгім келді.
– Шымкенттің аптап ыстығына бейімделіп үлгердіңіз бе? Өткен жылы күннің қатты ысып кеткенін айтып едіңіз...
– Иә, иә. Сонымен қатар Сауд Арабиясында алты ай ойнадым. Бұл маған бейімделуге көмектесті. Қазір мұндамын және ешқандай айырмашылықты сезініп тұрған жоқпын. Сондықтан бәрі жақсы, қалыпты.
– «Ордабасыдан» ұсыныс нақты қай уақытта түсті?
– Олар маған наурызда хабарласты, кейін сәуірде сөйлестік. Сосын мамыр келді, мен маусымды аяқтадым. Одан кейін олар маған: «Тыңда, бір-екі апталық қысқа демалысыңнан кейін бірден келуің керек», – деді. Бапкер мені қатты көндірді, бұл үшін мырза Мартинге алғыс айтамын. Ол маған барын салып: «Біз чемпионатты жеңіп аламыз», – деді. Ал бұл дәл менің қалаған нәрсем еді. Мен лига титулын жеңіп алып, Чемпиондар лигасында ойнағым келеді. Сондықтан ол маған осындай мүмкіндік бергенде, бас тартқым келмеді.
«Ұлытауды» екінші таймда соғылған Йонсеннің жалғыз голының арқасында тізе бүктірген «Ордабасы» 40 ұпаймен ҚПЛ-дағы көшбасшылығын қайта қайтарды. Қазіргі уақытта шымкенттіктер алматылық «Қайраттан» бір ұпай алда келеді және олардың қорында әлі екі матч бар. Ал 23 ұпайы бар жезқазғандық клуб дарыс кестесінің орта тұсында келеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.